Актриса Гүлназ Жолановаға сырға салынды

Сурет: Instagram/zholanova_gulnaz
Қуанышты жаңалықты Гүлназ Жоланованың құрбысы Ерке Есмахан бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күні кеше әнші Ерке Есмаханның сырға салу рәсімі өтті. Ерке қуанышты жаңалығын айтып, Instagram-дағы парақшасында фотолар жариялады. Кей оқырман Еркенің осындай маңызды күнінде қасында неге Гүлназ Жоланова құрбысы болмағанын сұрады. Әнші мұндай сұраққа жаңалық айтып, жауап берді.

"Екеуіміз жүріп-жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып, тұрмысқа шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға да сырға салынды, ағайын. Бір күнде "сырғалым" болдық. Теңін тапқан құрбыма бағың ашылсын деймін. Бақытты, үбірлі-шүбірлі болыңдар", - деп жазды Ерке Есмахан.

Гүлназ Жоланова өзінің парақшасына сырға салу рәсімі үшін арнайы жасалған баннерді көрсетті. Одан соң Ақтауда түнімен қар жауғанын, осы құбылысты жақсыға жорығанын жазды. 

Айта кетері, Гүлназ Жолановаға АҚШ-та, жаңа жыл мерекесі қарсаңында сөз салынған еді. Актриса сол кезде жаңа сақинасының фотосын жариялаған. 



Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді