Синоптиктер 25 ақпандағы ауа райы болжамын айтты

Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстандағы 25 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, Атлант циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттың әсерінен еліміздің шығыс жартысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын болады.
"Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын жауады. Еліміздің батыс жартысында ауа райы жауын-шашынсыз". "Қазгидромет" РМК
Ауа райы болжамына сай, көктайғақ, тұман, бұрқасынмен бірге жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 9-14м жел соғады. Ауа температурасы түнде -17-19°С, күндіз -12-14°С.

Алматыда күн бұлтты. Күндіз жауын-шашын жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Жел екпіні солтүстік-батыстан 2-7-12 м. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +4+6°С.

Шымкентте күн бұлтты. Таңертең және күндіз қатты жауын-шашын болады. Кейде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13м, түнде және таңертең екпіні 15-20 м. Ауа температурасы түнде және күндіз 0,+2°С.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды