Бұл туралы Алматы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев айтты.
"Борышкерге 30 жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Хабарландыру мерзімі өткеннен кейін берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, борышкерге 5 жұмыс күні ішінде берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі". Қуаныш Түменбаев
Ведомство басшысының айтуынша, борышкерлерге сот орындаушылары тарапынан одан әрі мәжбүрлеу шаралары қолданылады, оның ішінде мүлкі мен банк шоттарына тыйым салудан бастап, оның ішінде елден тыс жерлерге шығуына шектеу қойылады.
Бұл ретте қарыз сомасына қосымша негізгі қарыз сомасының 25%-ға дейінгі мөлшерінде сот шығындары алынады. Сонымен борышкерлер банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банк шоттарын ашу, ақша аудару, несие алу және тағы басқа.
Салық сомасын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.kz интернет-ресурсында есептеп, төлеуге болады.
"Көлік салығын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Қосымшада төлемді жүзеге асыруға болатын "Салық әмияны" қызметі бар. Сонымен қатар, бұл қосымша дайын реквизиттерді пайдалана отырып, бір уақытта төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігімен "алдағы төлемдер" сервисінде есептелген салық сомасын білуге мүмкіндік береді". Қуаныш Түменбаев
Салық төлемдерін екінші деңгейлі банктердің, "Қазпошта" АҚ филиалдарында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да төлеуге болады. Сонымен қатар басқарма салықты көлік құралы иесінің тұрғылықты жері бойынша төлейтінін еске салды.