25 наурыз күні Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады

Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстандағы 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың барлық аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, тек елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуі әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 2-7 жел соғады. Ауа температурасы -2-4°С, күндіз +6+8°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - секундына 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +17+19°С.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +22+24°С.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы