Елімізде алғаш рет өтетін шахмат олимпиадасына 100-ге жуық оқушы қатысады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Биыл елімізде алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен шахматтан республикалық олимпиада өтеді. Оған ел бойынша қала, аудан, облыстық іріктеу кезеңдерінен өткен 2-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысады.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы республикалық кезең 1-5 сәуір аралығында Астанада өтетінін айтты. Олимпиада Халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапидтік (командалық) форматта өтеді. Жеңімпаздарға берілетін жүлде қоры - 500 мың теңге. 

"Мемлекет басшысының қолдауымен "Мектептегі шахмат" жобасы жүзеге асырылды. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл оқушылар арасында шахматтан олимпиада басталды. Мектепішілік кезеңде 319 мыңнан аса оқушы қатысып, үздіктер елордада бақ сынайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады",– дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада еліміздегі шахмат қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Жоба алдағы уақытта мектеп спорты аясындағы маңызды шаралардың біріне айналады.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі