Алматыға қонуға мәжбүр болған рейстің 15 жолаушысы борттан шығудан бас тартқан

Cурет: Zakon.kz
6 cәуірде 15:30-дағы Ақтау - Шымкент рейсі Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Шымкент әуежайындағы ұшу-қону жолағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған.

"Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуекомпанияның кесірінен болмады. Әуекомпания кінәсінің жоқтығына қарамастан, біз осы рейстің жолаушыларына сусындар мен ыстық тағамдар ұсындық". FlyArystan

Кейінірек FlyArystan Шымкент әуежайы рейстерді қабылдай бастағанын хабарлады. Алматыда қонуға мәжбүр болған КС7578 Ақтау - Шымкент рейсінің Алматыдан ұшып шығуы үшін әуекомпания әуе кемеде тиісті жұмыс жүргізуі қажет болған. Алайда бұл рәсімдер ұшақ борттан шығудан бас тартқан жолаушылардың кесірінен кешіккен.

"Алматыда қонуға мәжбүр болған КС7578 Ақтау - Шымкент рейсі қазіргі уақытта ұшуға дайындалып жатқанын және деструктив жолаушылармен болған жағдайдың шешілгенін хабарлаймыз". FlyArystan

Кейін рейс Алматы уақыты бойынша 6 сәуірде сағат 23:02-де Шымкентке ұшып шыққан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі