Қазақстандағы барлық ауыл қашан интернетке қосылады

Село, сельская местность, деревня, деревни, поселок, аул, частные дома , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 12:03 Фото: pexels
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында елдегі ауылдарды, соның ішінде қатынауы қиын елді мекендерді интернетпен қалай қамтуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 6 060 ауыл бар. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 2026 жылдың соңына қарай талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған ауылдар саны 3 704-ке жетеді. Бұл – елдегі барлық ауылдың 61%-ы.

"Келесі жылы тағы 1 863 ауылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде ауылдардың 92%-ы осы желімен қамтылады. Қалған 8%-ы – қатынауы қиын ауылдар. Оларға спутниктік интернет қосылады. Жобаның іске асырылуы ерекше бақылауда. Сондықтан "Қазақтелеком" жұмыс қарқынын арттырып, жоспарланған шаралардың барлығын белгіленген мерзімде аяқтауы қажет", – деді Жаслан Мәдиев.

Бұған дейін Жаслан Мәдиев үш жылда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: