Қазақстанда 7 ұшақ пен 50 туристік нысан интернетке қосылады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты, Авиакомпания FlyArystan, Флай Арыстан, самолет, самолеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 10:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында көлікте интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, қазір 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың құрамындағы 1 500 вагон интернетпен қамтылған.

"Жеті ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 4 511 шақырым болатын "Батыс – Шығыс" гипермагистралінің жартысы төселді. Оны жыл соңына дейін пайдалануға береміз", – деді Мәдиев.

Сондай-ақ оның айтуынша, ауылдық жерлерде 370 ауыл интернетке қосылған. 11 819 шақырым байланыс желісі тартылған.


"Биылғы жоспар – 1 600 ауылды интернетке қосу. 2027 жылы 500-ден астам антенна-діңгек құрылысын орнатып, облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен қамту жоспарланып отыр", – деп түйіндеді министр.

Бұған дейін цифрлық даму министрі өңірлерді цифрлық трансформациялау үдерісінде жүйелі тәсілдің жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: