Астана мен Алматыда робот техникасын өндіретін зауыттар ашылады

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында робот техникасы өндірісін іске қосу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 14:49 Сурет: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында робот техникасы өндірісін іске қосу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ведомство робот техникасына және Physical AI бағытына ерекше көңіл бөліп отыр.

"Робот техникасы саласында инженерлер даярлауды отандық өндірісті дамытумен ұштастырып отырмыз. Астана мен Алматыда халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар технологияларды жергілікті өндіріске енгізуді, зерттеулер жүргізуді және білім мен тәжірибе беруді көздейді", – деді Мәдиев.

Ол екі зауыттың да құрылысын келесі жылы аяқтау жоспарланғанын нақтылады.


"Сонымен қатар педагогтерді даярлап, мектеп зертханаларын дамытып жатырмыз", – деп қосты министр.

Бұған дейін Жаслан Мәдиев Қазақстан өңірлеріндегі цифрлық трансформацияның барысына баға берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: