Әуе таксиінің коммерциялық рейстері қашан басталатыны белгілі болды

Дрон, дроны, беспилотный летательный аппарат, беспилотник, беспилотники, БПЛА, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 16:16 Фото: unsplash
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында жүргізушісіз такси мен әуе таксиін дамыту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде ұшқышсыз жүйелер мен төмен биіктіктегі ұшуларға негізделген экономика дамып келеді.

"Астана, Алматы және Қосшы қалаларында жүргізушісіз такси жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Алматыда дрондармен жеткізу қызметі пилоттық режимде іске қосылды", – деді Мәдиев.

Министрліктің мәліметінше, сынақ жүргізу, пайдалануға рұқсат беру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттарын айқындайтын қағидалар бекітілген.


"Астана, Алматы және Қосшы қалаларындағы пилоттық жоба үш жылға есептелген. Астана мен Алатауда әуе таксиінің көрсетілімдік ұшулары өткізілді. Мұндай аппараттарды пайдалану және қону инфрақұрылымын дамыту үшін заңнамалық өзгерістер қабылданды. Әуе таксиінің коммерциялық рейстерін 2028 жылы іске қосу жоспарланып отыр", – деп қосты вице-премьер.

Бұған дейін Мәдиев киберқауіпсіздік бағытындағы мамандықтарға бөлінетін гранттар саны артатынын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: