"Әзірге жүйелі тәсіл жоқ": Мәдиев өңірлерді цифрландыру барысына баға берді

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 16:40 Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қазанда Үкімет отырысында Қазақстан өңірлеріндегі цифрлық трансформацияның барысына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол өңірлерде Smart City шешімдері енгізіліп жатқанын еске салды. Олардың қатарында дрондарға арналған инфрақұрылым, су ресурстарын басқару, қалалық сервистер және жасанды интеллект көмегімен ауруларды диагностикалау бар.

"Алайда әзірге жүйелі тәсіл жоқ. Шешімдер бір-бірінен бөлек дамып жатыр және өзара біріктірілмеген. Астана әкімдігінің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Елорда AI-Native City шешімдерін белсенді енгізіп, WIPO City of Innovation бастамасы аясында әлемнің үздік 15 қаласының қатарына енді. Алматы да осы модельге көшіп жатыр. Біздің міндетіміз – шешімдерді ортақ деректер, есептеу қуаттары және ахуалдық орталықтар негізінде біріктіру", – деді Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, табысты тәжірибелер бүкіл ел бойынша жүйелі түрде енгізілуі тиіс.


"Бұл көлік қозғалысын, коммуналдық инфрақұрылымды және қауіпсіздікті кешенді басқаруға мүмкіндік береді. Қазір Smart City шешімдері қала тұрғындарының 25%-ын қамтиды. 2027 жылы бұл көрсеткішті 50%-ға, ал 2028 жылы 70%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деп қосты министр.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қалай өзгеріп жатқаны туралы материалдан оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: