Қостанайдағы полигондарда қоқыс сұрыптайтын жұмысшы жоқ

Сурет: pixabay
Қостанайдағы полигондарға "жұмысшы керек" деген хабарландыру жиі берілсе де, мұнда ешкімнің жұмыс істегісі келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қостанайдағы ең ірі полигондардың бірінде құны 60 миллион теңгенің құрылғысы орнатылған. Жылына 100 мың тонна тұрмыстық қалдықты сұрыптауға қауқарлы, бірақ 4 жылдан бері жұмыс істемей тұр. Өйткені бұл жерде ешкім жұмыс істегісі келеді.

"Сұрыптау желісінің жұмыс істемей тұрғанынының жалғыз себебі - жұмысшы жоқ. Үнемі хабарландыру береміз, бірақ ешкім келмейді. 100 мың теңге айлық ұсынып отырмыз". Полигон басшысы Әли Самұратов

Полигонға бір күннің қамымен келетін қара жұмысшылар қоқысты қолмен сұрыптайды. Бұл аумаққа күніне 150 тонна тұрмыстық қалдық жеткізіледі.

Облыс көлеміндегі барлық полигонда жұмысшы тапшы. Адам табылмаған соң автоматтандырылған құрылғы қаңтарылып тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды