Өзбекстанның халық әртісі Мурад Раджабов қайтыс болды

Сурет: kun.uz
Өзбекстанның халық әртісі Мурад Раджабов 74 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өзбекстанның кинематография агенттігі хабарлады.

"Өзбекстанның халық әртісі, сүйікті актеріміз Мурад Раджабов көп уақытқа созылған сырқатынан кейін 74 жасында қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Мурад Раджабов 1949 жылы 30 мамырда Ташкентте туған. А.Н.Островский атындағы Ташкент театр-көркемсурет институтының актерлік факультетін бітірген.

Актер ондаған фильмдерге түсіп, өзбек киносының жарық жұлдызына айналды, ол әсіресе "Темір Хотин", "Кичкина табиб", "Улфатлар" және басқа да фильмдердегі рөлдерімен есте қалды.

Мурад Раджабов 2015 жылдан бері фильмдерге түспеген. Осы жылдың басында оның қатты ауырып жатқаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді