Қазақстанның тоғыз өңірінде шаңды дауыл тұрып, үсік жүреді деп болжанады

Синоптиктер 12 сәуірдееліміздің тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай жарқылайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Талдықорғанда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 17-22 м/с құрайды. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Ақтауда шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны - 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Орал қаласында түнде топырақ беті қатады, сынап бағаны -2 градус суықты көрсетеді. 

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі деп болжанады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. 12-13 сәуірде облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: