Түркістан облысында оқушы қызды өлтіргендер оған ұқсас қыздың фотосын интернеттен тапқан

Сурет: видео скрині
Түркістан облысында қос күдікті қызды қалай өлтіргенін айтып берді Түркістан облысында 9-шы сынып оқушысын пышақтап денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Төрткүл ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған. Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты.

Алайда кейін арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген. Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.

"Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігімен "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр".Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді