Павлодарда ер адам баласымен бірге жер астына түсіп кетті

Павлодарда ер адам баласымен бірге жер астына түсіп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 17:25 Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласындағы Генерал Дүйсенов көшесінде ер адам төрт жасар баласымен бірге тротуармен келе жатқанда, аяқ астындағы жер ойылып кеткен. 1991 жылы туған ер адам баласымен бірге ыстық суға түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

irbistv.kz жазуынша, зардап шеккен ер адамның әпкесі Instagram-да видео жариялап, оқиғаның мән-жайын баяндаған.

"Інім баласымен бірге тротуармен келе жатқан. Бір кезде аяқ астындағы жер ойылып, ол қайнап тұрған суға түсіп кеткен. Бұл ашық тұрған құдық емес. Құрылыс алаңы да емес. Апатты учаске де емес. Күн сайын адамдар жүріп өтетін кәдімгі жол", – деп жазған әйел.

Ол оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, оған жауапты адамдардың жауапқа тартылуын талап етті.

Ал Павлодар жылу желілерінің өкілдері бұл аумақта жылу желілерінің зақымданғанын хабарлады. Оқиға орнына мамандар жіберіліп, тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 1991 жылы туған ер адамның қалалық аурухананың күйік бөліміне түскенін растады.

"Ер адамның екі аяғының балтыр тұсынан 2-3 дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды. Зақымданған аумақ 7 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр", – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: