Қазгидромет Астанадағы тұмшаның неден болғанын түсіндірді

Әлеуметтік желіде тараған сурет
Бүгін, 29 сәуір Астанада ауа сапасы бұзылып, қаланы тұмша басты. Ауа сапасының индексі кей жерлерде 278-ге жеткен. "Қазгидромет" РМК осыған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорын таратқан ақпарат бойынша, 26-28 сәуір аралығында Астанада жауын-шашын жаумаған, сол аралықта күндізгі ауа температурасы жоғары болған.

"29 сәуірге қараған түні Солтүстік теңізден суық антициклон араласып, жылы ауа массалары суыққа ауысты, түнгі уақытта үп еткен жел тұрмады, ал бұл атмосфераның бұлыңғырлануына әкелді", - деп хабарлады Қазгидромет.

28 сәуір сағат 21:00-ден 29 сәуір сағат 21:00-ге дейін ауыспалы бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-18 м/с жетеді.

Түнде ауа температурасы - 7-9, күндіз - 18-20 градус жылы болады.

"Метеорологиялық жағдай қала атмосферасында ластаушы заттардың ыдырап, тарқап кетуіне ықпал етеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр