Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінің жазбасына жазған түсініктемесінде ол: "Одан да Түркияға, Зеленский мырза! Ол жақта жыл он екі ай күн жылы" деп жазған еді.
"Анна Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. Amanat партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды", – деп жазды Станислав Канкуров Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, Анна Башинская бұл пікірі үшін кешірім сұраған.
"Дегенмен айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды. Мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз. Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюға тиіс". Станислав Канкуров
Сәуірдің 29-ы күні Анна Башинская Facebook парақшасында мәлімдемесіне түсініктеме берді.
"Мен Facebook-те Украина президентінің "Deutsche Welle-де" шыққан мәлімдемесіне ойланбастан түсініктеме жаздым. Түркия туралы жазғанда, айтпағым ол емес еді. Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын", – деп жазды ол.
Ол Украина мен Ресей халғына бейбітшілік тілейтінін атап өтті.
"Кешіріңіздер, бұл менің қателігім. Бұл жағдайға пікір айтуға құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар, депутат ретінде мен ең алдымен елдің амандығын ойлауым керек". Анна Башинская
ООсылайша депутат Қазақстан халқынан және партия мүшелерінен кешірім сұрады.