Шымкентте 18 құрылыс компаниясы жазаға тартылды

Сурет: pixabay
Шымкентте жылжымайтын мүлікті дәйектеме құжаттарынсыз сатуға әрекеттенген құрылыс компаниялары жазаға тартылды.

2021-2022 жылы «krisha.kz» сайтында жарияланған хабарламаларға сараптама жүргізу барысында 18 құрылыс компаниясының үлескерлерден заңсыз ақша алғаны белгілі болды.

Олар жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз тұрғын үй кешендерін өз беттерінше салып, пәтерлерді қалауынша саудалауға әрекет жасаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұнан бөлек, 2023 жылы тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізу барысында үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзған 4 тұрғын үй кешеніне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

Сот шешімдері негізінде оларға 1 мың 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті ықпал ету актілері енгізіліп, 18 мердігерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әрбір мердігерге 300 айлық есептік көрсеткіш айппұл салынды. Нұржан Төребаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Талдықорғанда студентті мектеп оқушысы пышақтап өлтірді

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы төлемдерін алуға құқылы – Конституциялық сот

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

"Үсік жүреді". Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды