Еліміздің 14 өңірінде найзағай ойнап, жел соғады, жаңбыр жауады деп болжанады

24 мамырда Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының орталығында да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл ауданы маңында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Күндіз Павлодар облысының солтүстік-шығысында 15 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Павлодарда төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18-23 м/с. Алматыда да найзағай ойнайды, соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с құрайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: