Маңғыстау облысындағы газ тапшылығына көліктегі туристер түрткі – құзырлы орган

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда бірнеше күннен бері газ құю бекеттерінің алдында көлік кезегі көбейген. Әсіресе, таңертең және кешке жүргізушілер газ таппай сенделіп жүр. Жергілікті халық газ бағасы қымбаттауы мүмкін деп алаңдаулы, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазір қаладағы газ құю бекеттерінің көбі жабық", - дейді жүргізушілер. Көгілдір отын тапшы екенін бекет иелері де растап отыр. Ал ашық тұрғандарында ұзын-сонар кезек. Тұрғындар алдағы уақытта автогаз бағасы қымбаттауы мүмкін деп алаңдауда. Ал әкімдік өңірде сұйылтылған отын қоры жеткілікті деп жайбарақат отыр. Олардың сөзіне сенсек, тапшылыққа өзге өңірлерден көлікпен келетін саяхатшылар кінәлі көрінеді, деп хабарлайды КТК.

"Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына сұраныс 17 000 тонна. 30 мамырда Ақтаудың автогаз станцияларында қалдық қоры -  838,0 тонна. Сұраныстың көбейіп кету себебі: сыртқы өңірлерден, Атырау, Ақтөбеден туристер көп келіп жатыр. Сол себепті сұйытылған мұнай газына қазір сұраныс көбейіп отыр".Маңғыстау облысы энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы Жасұлан Бекболат
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды