1-3 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

"Қазгидромет" РМК 1-3 маусым аралығында еліміздің барлық аумағында ауа райының күрт өзгеретінін болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және Оралда найзағай ойнап, күн күркірейді.  Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың басым бөлігінде +36°С дейін қатты ыстық болады.

Синоптиктер 1-3 маусым аралығында түстен кейін Ақмола облысының батысында  сынап бағаны +41°С дейін көтерілетінін болжайды.

Астанада 1-3 маусым аралығында +35-37°С - қатты ыстық болады деп күтіледі. 

1 маусымда таңертең және түстен кейін Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде сынап бағаны +39°С дейін көтеріледі деп болжанады. Облыстың орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

1-3 маусым күндері түстен кейін Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында сынап бағаны +41°С дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

2-3 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +40-41°С қатты ыстық болады деп күтіледі. 

1-2 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін барады. Таразда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.  "Қазгидромет" РМК

1 маусымда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 20 м/с-ға дейін жетеді, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 23-28 м/с құрайды. Талдықорғанда 1 маусымда түстен кейін солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

1 маусымда Павлодар облысының шығысында, орталығында және Павлодарда төтенше өрт қаупі сақталады.

31 мамырда сағат 21:00-ден 1 маусымда сағат 21:00-ге дейін Өскемен мен Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту жарияланады.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде +35°С қатты ыстық болады деп күтіледі. Күндіз Жезқазғанда 1 маусымда +35°С қатты ыстық болады деп болжанады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Шымкент пен Түркістанда күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. "Қазгидромет" РМК

1 маусымда түстен кейін Ақтөбе облысының басым бөлігінде +35-38°С қатты ыстық болады деп болжанады, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында да төтенше өрт қаупі сақталатыны ескертіледі. 

Ақтөбеде сынап бағаны +35-37°С дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтсүтіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде +38°С дейін қатты ыстық болады. Қостанайда күндіз сынап бағаны +37°С дейін көтеріледі деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрып, шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, өрт қаупі жоғары.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: