Түркістан облысында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер жалғызбасты әйелге үй салып берді

Сурет: otyrar.kz
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында тұратын 1985-1986 жылғы туған түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай 4 баласы бар жалғызбасты әйелге үй салып берді, - деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Төрткүлдіктердің айтуынша, үйдің құрылысы екі ай көлемінде жүргізілген.

Баспананың құрылысы наурыз айында басталып, қазір жалғызбасты ана балаларымен үйге кірді. Бұл түлектердің сыйға тартқан екінші үйі екен.

Олар осы уақытқа дейін ауыл болып қаржы жинап, бір отбасыға үй сатып алып берген.

Ордабасы ауданында 10 ауыл округі, 57 елді мекен бар. Аудан халқының саны – 128 049 адам.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады