Түркістан облысында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер бір тбасыға үй алып берді

Сурет: otyrar.kz
Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай және Б.Садықов атындағы мектептердің 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері қосылып, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған Кемелбековтер отбасына аудан орталығынан 6 бөлмелі, қорасы мен моншасы, сарайы бар баспана кілтін табыстады, - деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түлектер ортадан ақша жинап, 8 миллион 600 мың теңгеге алынған үйдің ішін қажетті жиһаз-техникалармен де ішінара жабдықтап берген.

Күйеуі, әйелі және қызының мүгедектігі бар отбасы осы кезге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Шара соңында дәстүр бойынша 2003 жылғы мектеп түлектері эстафетаны 2004 жылғы түлектерге табыстады.

Осыдан 6 жыл бұрын Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектері тұрғынүйге қол жеткізе алмай жүрген көпбалалы отбасыға үй сыйлаған. Мұны кейінгі түлектер де жалғастырып, бұл дәстүрге айналған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін