Жетісу облысында қылмыстан зардап шеккен 30 адам бір реттік ақшалай өтемақы алды

Сурет: pxfuel
Жетісу облысының полицейлері заңнама нормаларына сәйкес, түрлі қылмыстан зардап шеккендерге шамамен 4,5 млн теңге өтемақы төледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңның қабылдануымен Қазақстанда қылмыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсететін мекеме құрылды. Өтемақы жәбірленушіні әлеуметтік қолдауға арналған және бір реттік ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылады. Төлемдер қылмыстардан материалдық зардап шегіп, келтірілген зиянның орнын толтыруға мүмкіндігі жоқ (соның ішінде ашылмаған қылмыстар үшін) адамдарды қолдауға бағытталған".

ҚР Қылмыстық кодексінің 46-бабы бойынша көрсетілген 124 құқық бұзушылық үшін төлемдер қарастырылған.

Зардап шеккендерге бірреттік қаржылық төлемдер 2020 жылдың шілдесінен бастап түсе бастады.

"Өтемақы мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін болады. Биыл өңірдің 30 тұрғынына ақшалай бір реттік өтемақы төленді. Төлемдердің жалпы сомасы - 4 424 430 теңге", - деді Жетісу облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ