Көкпардың форматы жаңарды

Сурет: gov.kz
Биылдан бастап Қазақстан чемпионатының аты да, заты өзгереді.
"Ұлы дода" деп аталатын ішкі біріншілік аясында бірнеше лига жасақталмақ. Мәселен, жоғары лигада ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Олар әр турда өзінің және қарсыласының алаңында ойнайды.

Сәйкесінше, көрермендер 30-ға жуық матч тамашалай алады. Бұған қоса, Қазақстан чемпионатының бірінші және екінші лигалары құрылып, барлық көкпар командаларына бірдей мүмкіндік берлімек.

Яғни жарысқа құжаты расталған ауылдық, аудандық, тіпті жекеменшік команда да қатыса алады. Сәйкесінше, топ жарғандары алдағы маусымнан бастап бір саты жоғарылап отырады.
"Келесі жылдан бастап жоғары лигада ойнайтын командаларға өз ипподромы болуы міндеттеледі. Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер командаларын қатар дайындау туралы шарт қойылады", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы