Тоқаев қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бергенін айтты.
"Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылатынына уәде берді.
"Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Ертең, 12 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.