Қазнетте орман өртіне қатысты тағы бір жалған видео тарап жатыр

Сурет: Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ғаламторда бір топ адам ормандағы ағаш діңдерін жағуға арналған қоспаларды тапқан видео тарады. Алайда видеоға қатысушылардың бірі Жабық ауылын атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының Челябі облысы Жабық ауылында ірі орман өрті болды. Бұл бейнежазбаның Абай өңіріне еш қатысы жоқтығын көрсетеді, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқандар бас бостандығынан айыруға дейін жазаланатынын естеріңізге саламыз. Азаматтарды дүрбелеңге түспеуге, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бородулихин ауданындағы өрттің жалған видеосы тарап кеткен болатын.

Кейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт Шүлбі ГЭС-інен шыққан деген жалған ақпарат тарады.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды