Ол Экология министрлігінің аудиті аяқталғанын, бірақ кез келген аудит барлығын қамтитын емес, іріктеп жүргізілетінін атап өтті. 16 маусымда тексеру қорытындысын қарауға арналған жиын өтеді.
"Менің ойымша, талқылап, тағы бір қосымша аудит жүргізу жөнінде шешім қабылдауымыз мүмкін. Бізде Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша аяқталмаған аудит бар. Өткен жылғы Қостанай облысында болған өртті, биыл Абай облысында болған өртті, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігінің дайындығы болмағанын ескере отырып, қосымша шешім қабылдайтын шығармыз. Қосымша тексерулер қажеттігі жөнінде шешім қабылдауымыз мүмкін". Наталья Годунова
2023 жылдың 8 маусымында Абай облысында "Семей орманы" резерваты өртене бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен. Өрт бір аптадан кейін ғана ауыздықталды. Өртпен күресте "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері қаза тапты. Осы жағдайдан кейін Экология министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне сын айтыла бастады. Сондай-ақ резерваттың жағдайы мүшкіл, техникасы жоқ болып шықты.