Павлодар облысында картоп алқабын таптап кеткен мал иесіне айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында картоп алқабын таптап кеткен мал иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні Павлодар ауданының Заря ауылы маңында жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы бақташысыз жайылып жүрген малды ұстаған. Атап айтқанда, шаруа қожалығы басшыларының біріне тиесілі картоп өсірілетін, суарылатын алқаптың көшеттерінде жылқылар қараусыз жайылып жүрген.  

"Иесіз мал жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, айып тұрағына айдалды. Полиция малдың иесін жылқыдағы тавро бойынша анықтады. Ол Павлодар ауданы Жертұмсық ауылының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары бақылаусыз жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарының иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін