Демалыс күндеріндегі ауа райы: Қазақстанда тағы үсік жүруі мүмкін

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 24-26 маусым күндеріне арналған ауа райы боджамын ұсынды. Еліміз бойынша күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұрақ жаууы мүмкін.

"26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді",– делінген хабарламада.

Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын айтты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді