Қазақстандағы инфляция: күріш бір жылда шамамен 48%-ға қымбаттады

Сурет: pixabay
Маусым айында Қазақстанда айлық инфляция деңгейі 0,5% болды, ал маусымдағы жағдай бойынша жылдық есепте баға 14,6%-ға өсті. Кейбір өнімдер бір жылда бір жарым есеге жуық қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 шілдеде Ұлттық статистика бюросы маусым айында елде қандай тауарлар мен қызметтер бағасы өскені туралы мәлімет жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, жылдық есептегенде инфляция 14,6 пайыз болды. Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 14,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 15,8%-ға, ақылы қызметтер бағасы 13,3%-ға өсті. 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда кеңсе тауарлары 67,7%, қияр – 33,4%, кір сабын – 42,1%, ыдысты жууға арналған құралдар – 41%, қантсыз қоюландырылған сүт – 42,9%, күріш – 47,6%, күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%, шақпақ қант 32,2% қымбаттады.

Тұтыну бағаларының индексі өткен айда баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,7%, ақылы қызметтер – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусымда баға жиhаз бен үйге қажетті заттарға 2,6% өсті, шабадандар, жол сөмкелері – 1,4%, велосипедтер – 1,2%, жеке қолданатын заттар бағасы 1% қымбаттады. Мамырмен салыстырғанда маусымда құрылыс материалдары – 0,8%, киім және аяқ киім, фармацевтика өнімдері – әрқайсысы 0,7%-дан өсті. Бензин АИ-95/96 – 1,1%, баллондағы сұйытылған газ 0,7% қымбаттады.

Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 9,6%, кешенді демалыстарды ұйымдастыруға – 8,8%, санаторийлер қызметтеріне – 6%, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтерге – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметіне – 1,4%, денсаулық сақтау қызметіне 0,9% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында картоп бағасы 9,9%, жүзім – 4%, лимон – 3,9%, алма – 3,1% өсті. Бағаның өсуі минералды және ауыз суға, салқындатылған сусындарға 2,4%-дан, жеміс және көкөніс шырындарына 1,8% байқалды. Банан – 10,6%, жаңа жиналған көкөніс – 8,8%, жұмыртқа – 5,9%, күнбағыс майы – 4,2%, қарақұмық жармасы – 4,1% арзандады.

"Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында – 0,9%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгі – Ақтөбе облысында 0,1% тіркелді. Тұтыну бағаларының индексі бір айда Шымкент қаласында 100% құрады", – делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.

Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Ұлытау облысында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары Астана қаласында – 1,3%, ақылы қызметтер Солтүстік Қазақстан облысында 1,4% өсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін