Қазақстандық бойжеткен қымыздан балмұздақ жасады

Сурет: pixabay
Түркістан облысында колледж оқытушысы Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бойжеткеннің сөзінше оның басты мақсаты – ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Бие сүтінен жасалған балмұздақ басқаларға ұқсамай отта піседі, құрамы өзгермейді, табиғи таза өнім ретінде пайдаланылады.

"Біздің нарықта ұлттық және пайдалы қымыздан жасалған өнім түрлері жетіспейді. Балмұздақ жастардың да, балалардың да көңілінен шығады. Ол биоөнімдерді пайдалану арқылы халқымыздың денсаулығына оң әсер етеді", - деді Жадыра Байдалы.

Оның айтуынша, сусынның құрамында табиғи иммундық қасиеті бар және адам денсаулығына пайдалы түйіршікті белоктар бар.

Сонымен қатар, Жадыра Байдалы саумал қосып жасалған сабын шығаруды қолға алған. Оның адам денсаулығына емдік қасиеті бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі