Министрлік "Әскери құрылыс" экс-президентінің қатысы бар қылмыстық топқа қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтің және басқалары ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екені анықталғанын мәлімдейміз. Қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің салдарынан "Әскери құрылыс" АҚ-ның қаржылық жағдайы айтарлықтай төмендеді, осыған байланысты кредиторлық берешегі болды. Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар қатаң шара қабылдады. Атап айтсақ, "Әскери құрылыс" АҚ басшылығы толық ауыстырылды, жалпы ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылау күшейтілді".  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, бұл заңсыз әрекеттерді 2019-2020 жылдар аралығында акционерлік қоғамның  лауазымды тұлғалары жасаған.

"Барлық бұзушылықтар бойынша жедел ақпараттандыру мен тергеу іс-шараларын сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығының бастамасымен қолға алынды. 2022 жылдың басынан бастап "Әскери құрылыс" АҚ қызметін реформалау және кредиторлық берешекті өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 100-ден аса компания медиативтік келісімдерге қол қойды. Кәсіпкерлер алдындағы кредиторлық берешектің негізгі бөлігін 2023 жылдың соңына дейін міндетті түрде өтеу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.Қорғаныс министрлігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті