Қазақстанда болашақ зейнеткерлердің құжаттарын жасанды интеллект тексереді

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 14:46 Фото: gov4c.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 11 тамызда өткен Үкімет отырысында бірқатар мемлекеттік қызметті проактивті форматқа көшіру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Асқарбек Ертаевтың мәліметінше, биылғы жылдың соңына дейін жасанды интеллектіні тағы бес бағыт бойынша енгізу жоспарланып отыр.

Үшінші тоқсанда жасанды интеллект мынадай жағдайларда қолданылады:

  • қандас мәртебесін беру немесе оның мерзімін ұзарту кезінде;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына жолдама беру кезінде;
  • кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезінде – жасанды интеллект медициналық деректерді, еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін және алған жарақаттардың салдарын талдайды;
  • зейнетақы тағайындау кезінде – құжаттардың қолдан жасалуына жол бермеу үшін оларды таниды.

Төртінші тоқсанда бірнеше бағыт бойынша цифрлық модельдер әзірлеу жоспарланған.


"Әңгіме сканерленген еңбек кітапшаларын тану, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынымдар қалыптастыру, сондай-ақ ел кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары саласындағы тәуекелдерді анықтау үшін жасанды интеллект негізіндегі талдауды енгізу туралы болып отыр", – деп түсіндірді Еңбек министрлігінің басшысы.

Бұған дейін, 2026 жылғы 11 тамызда Асқарбек Ертаев Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің қалай тағайындалатынын түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: