Қазақстанда бірнеше күн ішінде жол апатынан 24 адам мерт болды

Сурет: polisia.kz
Қазақстанда бірнеше күн ішінде жол апатынан 24 адам мерт болды. Ішкі министрлігі бұған алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Алты ай ішінде біз 1,5 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалғанымызға қарамастан өткен жұма сенбі, жексенбі күндері шамамен 25 адамнан айырылып қалдық. Қала маңындағы трассаларда үш немесе одан да көп адам шығынымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткені ерекше алаңдатады". ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова

Мәселен, 15 шілдеде Абай облысында Lada автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, автомашинаның аударылуына жол берді. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам түрлі жарақат алды.

16 шілде сағат 15:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық маңызы бар автожолында Chevrolet Сobalt жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеті адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Бүгін таңертең Түркістан облысында, Шаян ауылының маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. Екпінді – Созақ облыстық маңызы бар тас жолында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Сrafter көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан көлік құралдары қас қағым сәтте өртке оранды. Оқиға орнында 10 адам қайтыс болды, 12 адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша жол апатына Nissan автокөлігінің қарсы жүріс жолағына шығуы себеп болған. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті