Абай облысындағы Үржар әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Сурет: wikimedia
Абай облысында Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды. Әуежайдың ұшу-қону жолағына 2008 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайдың ұшу-қону жолағын аэровокзал ғимаратын қайта құру жобасы 2020 жылы жасалған. Мұнда күрделі жөндеу 15 жылдан бері жүргізілмеген.

Облыс орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау және т.б. жұмыстар жасалынды.

"Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 метр. Қайта жаңғыртудан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, модернизациядан кейін Үржар ауылының әуежайында шағын авиациялық ұшақтарды ғана емес, сонымен қатар Embraer, Bombardier және т.б. санатындағы ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды", – делінген Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Туристік маусым кезінде "Оңтүстік аспан" авиакомпаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астана қаласына әуе рейстерін ашты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі