Алматыдағы Сайна көшесінде қозғалыс уақытша реверсив болады

Сурет: Алматы әкімдігі
Осы демалыс күндері Алматыдағы Сайна көшесінде көлік қозғалысы қиындайды. Жөндеу орнында кері қозғалыс іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ұтқырлық басқармасының хабарлауынша, орташа жөндеуге байланысты көлік бағытына уақытша өзгеріс енгізілген.

"Сайна көшесінде Вдол БАК көшесінен Мөңке би көшесіне дейін 21 шілде сағат 21:00-ден 23 шілде 14:00-ге дейін жолдың жүріс бөлігінің батыс жағындағы көлік қозғалысы толығымен жабылды. Көше Саялы ықшамауданының жанынан өтеді".Алматы қалалық ұтқырлық басқармасы

Тәртіптің сақталуын бақылау және жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жолдың осы бөлігінде алты патрульдік полиция бригадасы жұмыс істейді. Сонымен қатар 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері бар. 

Кері қозғалысты бастамас бұрын екі жақтан көлік ағынын бөлетін қоршаулар орнатылады. Ведомство көлік жүргізушілерінен абай болып, жол ережесін сақтауды сұрайды.

Бұған дейін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жөндеуге байланысты айналма жол ұйымдастырылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін