ІІМ студенттерді зорлық-зомбылық пен бопсалау фактілерін жасырмауға үндеді

ІІМ студенттерді зорлық-зомбылық пен бопсалау фактілерін жасырмауға үндеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2026 14:00 Сурет: polisia.kz
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Әсіресе зорлық-зомбылық, бопсалау, буллинг және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Каринаның мәліметінше, оқу жылы басталғалы бері құқық қорғау органдары 566 құқықбұзушылықтың жолын кескен. Оның ішінде 23 ұсақ бұзақылық, тыйым салынған орындарда темекі шегудің 211 дерегі және көші-қон заңнамасын бұзудың 234 жағдайы бар.

"Студенттер жатақханаларына полиция қызметкерлері бекітілген. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, өткізу режимі қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Түрлі бағыттағы 207 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Олардың қатарында студенттермен және оқытушылармен кездесулер, дәрістер, әңгімелесулер мен дөңгелек үстелдер бар", – деді Құралай Карина.

ІІМ жоғары оқу орындарының әкімшілігі зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауы және студенттердің шағымдарын елеусіз қалдырмауы керегін атап өтті.

Министрлік қорқыту, бопсалау және басқа да заңсыз әрекеттердің құрбаны болған немесе куәгері атанған студенттерді полицияға дереу хабарлауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: