"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Тек оңтүстікте, солтүстікте, орталықта – ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Метеорологтар республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман болады деп болжап отыр.
"Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады деп болжанды"."Қазгидромет" РМК
Күндіз солтүстікте, Алматы облысының орталығында 42°С-ға жететін ыстық сақталады, сонымен қатар батыста, Түркістан облысының шөлді аймақтарында күн 45°С, Ұлытаудың оңтүстігінде 40°С-қа дейін ыстық болады деп болжанды.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, батысында, Атырау облысының солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында, Атырау облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Сондай-ақ синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның бас қалаларында күн райы қандай болатынын айтты.