29-31 шілде күндері Қазақстанда ыстықпен қатар жаңбыр жауады

Сурет: unsplash
Қазақстанда шілденің 29-ы мен 31-і аралығында жауын-шашынды ауа райы болжанды. Дегенмен кей өңірлерде қатты аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидрометтің болжамына сай 29-31 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.

"Алдағы тәуліктерде Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен қалыптасады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Екпінді жел соғады. 29 шілдеде еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.

Десе де демалыс күндері кейбір өңірлерде аптап ыстық болады. 29-31 шілдеде Ақтөбе облысында, 31 шілдеде Жамбыл облысында қатты ыстық болады: күндіз +40...+43°C.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін