Валерия Аксенова бокстан әлем кубогының ширек финалында есе жіберді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Валерия Аксенова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңіндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Наинамен кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілердің бөлінген шешімімен үндістандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, биыл Валерия Аксенова Бразилияда өткен әлем кубогы кезеңінде алтын, ал Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript