Валерий Рахымжан нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Валерий Рахымжан нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 22:11 Сурет: olympic.kz
Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының спортшысы Валерий Рахымжан Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын сәтті қорғады.

Финалда Рахымжан 241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.

Аталған бағдарлама түрі бойынша әлем кубогының жеңімпазы – қытайлық Ху Кай (242.3 ұпай). Үшінші орын неміс спортшысы Кристиан Рейтцке бұйырды (220.8 ұпай).

Айта кетейік, Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: