Алматы облысындағы балалар лагерінде анықталған сұмдықтар: директор жұмыста мас күйде жүрген

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүргізген, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелер бұзылған. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 4 тамызды Бас прокуратура хабарлады.

Қадағалаушы орган таратқан ақпаратқа сүйенсек, әрбір екінші балалар мекемесіндегі ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталған.

"Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте, 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

"Бәйтерек" (Қонаев қаласы) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған.

"Қапшағай" су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.

"Оның үстіне, аталмыш лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы)".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

Бас прокуратура Ақмола облысында балаларды сауықтыру орталықтары мен лагерьлердің аумағы мен үй-жайларын тексеру кезінде спирттік ішімдіктердің бос бөтелкелері, темекі қораптары, құрамында спирті бар сусындарды өндіруге арналған аппарат, пневматикалық қару, балалар лагерінің ас үй аймағында сақталған тышқанның уы және басқа да тыйым салынған заттар табылғанын хабарлады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды