Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Фото: akorda.kz
Оқу-ағарту министрлігі орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат жобасына сәйкес, 2-4-сынып оқушыларының оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау, тақырыптық және қорытынды бақылау арқылы бағаланады.
Ал 5-11 (12)-сыныптарда оқушылардың білімі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы бақыланады.
Министрліктің түсіндіруінше, тоқсандық бағалар бағалау нәтижелері негізінде қойылады. Бұл оқушылардың оқу жетістіктерін әділ бағалауға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жария талқылауға шығарылды. Құжат 21 тамызға дейін талқыланады.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесін алып тастау мәселесін қарастырып жатқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript