Студенттерді бағалау жүйесіне қоғамдық және волонтерлік қызметке қатысу енгізіледі

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 09:31 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға студенттің оқу жетістіктерімен қатар әлеуметтік, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын ескеретін әділ әрі объективті бағалау жүйесін құру туралы жаңа норма енгізілген.

Сонымен қатар түзетулерге сәйкес, білім беру гранты негізінде оқып жатқан студенттің академиялық қарызы болған жағдайда оны басқа жоғары оқу орнына ауыстыруға жол берілмейді.

Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты нормаларды енгізу де жоспарланып отыр.

Қағидаларға жасанды интеллектке қатысты талаптар қосылады.

Жобаның мақсаты – студенттердің қоғамдық өмір мен волонтерлік қызметке қаншалықты қатысатынын анықтау үшін әлеуметтік орташа балды енгізу. Министрліктің түсіндіруінше, академиялық жетістіктермен қатар студенттердің әлеуметтік белсенділігі, зерттеу дағдылары және аймақтық әрі республикалық деңгейдегі волонтерлік қозғалыстарға қатысуы да ескерілетін болады.

Құжат 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: