Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрлігі мектеп оқушыларын аралық аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізді

Школьники, ученики средних классов, школа, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 13:14 Фото: Zakon.kz
Білім министрінің м. а. бұйрығымен орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізу тәртібі мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылды:

5 (6) – 8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттаудан білім беру ұйымдары басшыларының бұйрықтарымен мынадай жағдайларда босатылады:

  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
  • жақын туыстарының қайтыс болуы.

Білім алушыларды аралық аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар:

  • осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
  • жақын туыстарының қайтыс болғаны туралы куәлік негізінде шығарылады.

Аралық аттестаттаудан босатылған білім алушылар үшін қорытынды баға ағымдағы оқу жылының жылдық бағасы негізінде қойылады.

9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары дайындайды, орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып білім алушылары үшін, сондай-ақ республикалық мектептердің 9 (10) және 11 (12) сыныптар білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындайды.

ҰТО әзірленген емтихан материалдары мазмұнының сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.

ҰТО емтихан материалдарының электрондық нұсқаларын олардың құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз ете отырып білім басқармаларына және республикалық білім беру ұйымдарына жібереді.

Қорытынды аттестаттаудың мазмұны және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.

Сондай-ақ, 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

  • денсаулық жағдайына байланысты;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
  • халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;
  • жақын туыстарының қайтыс болуы.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

  • осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін № 026/у нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
  • осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдаухаты;
  • осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" нысанға сәйкес білім алушылардың оқу үлгерімі табельдерінің түпнұсқасы және көшірмесі. Табельдердің түпнұсқалары оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.
  • жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік.

Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды бағасы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде қойылады. 

Сондай-ақ, ережелерде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар немесе аралық және қорытынды аттестаттауға қатысушылардың әрекеттеріне тәуелді емес өзге де мән-жайлар туындаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган аралық, қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын өзгерту және/немесе мерзімдерін ауыстыру не оларды өткізбеу жөнінде шешім қабылданатындығы нақтыланды. 

Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5», 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары «5» болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан «5» бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты беріледі.

Бұйрық 2024 жылғы 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: