Қарағанды облысындағы шахтада бір жұмысшы жарақат алды

Сурет ашық дереккөзден
Қарағанды облысындағы "Шахтинск" шахтасында бір жұмысшы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеніштегі бұрғылау жұмысы кезінде кен опырылып, 34 жастағы жігітті басып қалған. Әріптестері алғашқы көмек көрсетіп, дереу жоғарыға алып шыққан. Бұл туралы "Хабар 24" телеранасы хабарлады.

Кеуде сүйегі сынған кенші Мақажанов атындағы емханада ем алып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы бірқалыпты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда