Ақтөбеде қырағы курьерлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде қырағы курьерлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарды. Облыстық полиция департаментінің бастығы азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 тамызда 75 жастағы ақтөбелік әйелге телефон алаяқтары хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанын айтқан. Өздерін полицей ретінде таныстырған қаскүнемдер қызын "құтқару" үшін зейнеткерден ірі көлемде ақша талап еткен. Олар ақшаны алу үшін қаладағы танымал курьер және такси қызметтерінің қызметіне жүгінген. 

Мекенжайға барған 17 жастағы велосипедші-курьер өзіне зейнеткер әжей берген сөмкені алып, тапсырыс берушінің талаптары бойынша оны такси жүргізушісіне апарып берген. Сөмкені алу кезінде 28 жастағы такси жүргізушісі оның ішіне ірі көлемдегі ақша барын байқаған. Курьерден мән-жайды сұрап білгеннен кейін, бұл телефон алаяқтарының іс-әрекеті болуы мүмкін екенін түсінген. Осыдан кейін екеуі 2 миллион теңге ақша салынған сөмкені полиция бекетіне әкеліп тапсырған.

Осылайша, жеткізу қызметін ұсынушы азаматтардың қырағылығы мен адалдығының арқасында алаяқтардың кезекті қылмыстық пиғылына тосқауыл қойылып, зейнеткердің ақшасы өзіне қайтарылды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғап, алаяқтарды анықтау мен ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Зейнеткерді алаяқтардан құтқарған қосқан қос азаматты Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов марапаттап, алғыс айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі