Солтүстік Қазақстан облысында 14 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 қарашада сағат 21:00-де "Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы" автожолының 11–73 шақырым аралығында (Петропавл қаласынан Ресей шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ сағат 22:30-дан бастап облыстағы тағы 13 автожолда көлік қозғалысы тоқтатылды. Олардың қатарында:
- "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 341–473 және 492–522 шақырым аралығы;
- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 729–856 шақырым аралығы;
- "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 595–946 шақырым аралығы;
- "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы" автожолының 50–280 шақырым аралығы;
- "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 61–196 шақырым аралығы;
- "Қостанай – Мамлютка" автожолының 226–406 шақырым аралығы;
- "Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 0–31 шақырым аралығы;
- "Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское" автожолының 0–228 шақырым аралығы;
- "Рощинское – Корнеевка – Волошинка" автожолының 0–87 шақырым аралығы;
- "Волошинка – Сергеевка – Тимирязево" автожолының 0–119 шақырым аралығы;
- "Қарасай батыр" мемориалдық кешеніне кіреберіс жолдың 0–24 шақырым аралығы;
- "Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы" автожолының 0–32 шақырым аралығы;
- "РФ шекарасы (Қарақоға өткізу пункті) – Петропавл" автожолының 0–120 шақырым аралығы бар.
Жолдарды 24 қарашада сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript